Бас мүфти Моңғолияның 75 имамына шапан мен сәлде сыйлады
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Моңғолияға барған сапарында Баян-Өлгей қаласында жергілікті имамдарға шапан мен сәлде сыйлады. Бұл туралы ҚМДБ-ның бапсасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Politico.kz.
Басқосуда бас мүфти шеттегі қандастарға, оның ішінде имамдарға барынша қолдау көрсетіп келе жатқанын айтып өтті. Айтуынша осыған дейін Алматыдағы имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында Алтайдан, Баян-Өлгейден келген қазақ имамдар білім алып, діни саладағы тәжірибесін шыңдады, сол сияқты шеттегі қазақ имамдарының білім алуына барынша жағдай жасай береміз.
«Осындағы 75 имамға діни қызмет кезінде киіп жүретін арнайы шапан тіктіріп келдік. Сонымен қатар «Muftiyat» баспасынан шыққан бірнеше кітабымызды, жұмыс істеуге арналған компьютер мен техникалық құралдарды да қоса ала келдік. Алла Тағала баршамызға рухани бірлік, шеттегі қандастарымызға татулық пен береке нәсіп еткей. Алла Тағала жер бетіндегі барша қазаққа жар болғай. Әмин!» - деді Наурызбай қажы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
16:03
Астанадағы балабақшада 1,5 жасар сәби ыстық сор...
27.10.2026
15:54
Павлодарда волейболшы қызды ұрған жаттықтырушы ...
27.10.2026
14:23
«Адам тағдыры тұр»: Руслан Өтепбай сұмдық жайтт...
27.10.2026
14:15
Полиция формасын киген баланың әкесіне неге айы...
27.10.2026
13:57
Атырауда әйелдер дәретханасына сығалаған жігітк...
27.10.2026
13:14
Президент Әкімшілігінде ауыс-түйіс