БАУЫРЫМ ҚАЙТҚАНДА
780
БАУЫРЫМ ҚАЙТҚАНДА
Берік Нұрбекұлына арнау
Бүгінгі жазатұғын хатым мұңды,
Жоқтаған қандай қиын жақыныңды.
Дүбірліетіп тойлай алмай елуіңді,
Туыстарың түсіртуде хатымыңды.
Соңымнан апалаған інім едің,
Өзіңе арқа сүйеп жүріп едім.
Өмірің орта жолда шорт үзіліп,
Жүрегін бауырлардың тілімдедің
Соңында зар жылаған анаң қалды,
Тағдырың тым кездейсоқ тамамдалды.
Әкелеген қос қызың аман болсын,
«Келін» деп еске алмаспын жаман қарды.
Отырмын көз жасымды тыя алмай,
Шешеміз жүр әлі есін жия алмай.
Достарыңды көргенде іш ашиды,
Кеткеніңе ортамызға сыя алмай.
Берік інім, болсыншы алдың жарық,
Бақига ерте кеттің тағдыр салып,
Жалғанның қызығына тоя алмадың,
Құран оқып жатыр елің есіне алып.
Күлшән НҰРБЕКОВА
«Мезгіл әуендері» жыр жинағы
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
10.10.2026
12:19
Астанада ауа баптағыш орнату кезінде жұмысшы 50...
10.10.2026
11:41
Нұрасыл Медеу: KNUS базасында дайындалған спорт...
10.10.2026
11:32
Ел алдындағы жауапкершілікті сезінемін – Нұрасы...
10.10.2026
11:24
Тоқаев Қарулы күштердің Арнайы операциялар күшт...
10.10.2026
10:35
Бір дәрі үшін 16 жыл жаза: Грузияда қазақстанды...
09.10.2026
23:13
«Мұздай су толған ашық құдық»: Көкшетауда қаза ...