«Базарда жүріп бізді баққан»: Еркебұлан Тоқтар анасына алғашқы көлігін сыйлады
Актер әрі аралас жекпе-жек шебері Еркебұлан Тоқтар анасына ерекше сыйлық жасап, қуаныш сыйлады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Еркебұлан Тоқтар анасына алғаш рет көлік сатып беріп отыр. Әлеуметтік желідегі жазбасында актер:
«Қанша жыл базарда күннің ыстық-суығына қарамай жұмыс істеп, бізді бағып-қаққан анашымның өміріндегі алғашқы көлігі» – деп бөлісті.
Желі қолданушылары актердің бұл ісін жылы қабылдап, қуанышты жаңалықпен құттықтады:
«Бәрімізге де жұғысты болсын», «Анасының қадіріне жеткен бала», «Еркебұлан, жарайсың!» – деп жазды олар.
Бұл сыйлық көпшілікке тек жүрек жылытатын ғана емес, отбасы мен анаға деген махаббаттың көрінісі ретінде әсер етті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
17.10.2026
21:37
Пара алудан ақшаны жылыстатуға дейін. Астанада ...
17.10.2026
17:31
Бостандыққа шығуына санаулы күн қалған: Атбасар...
17.10.2026
16:58
Мемлекетке сыйлық: Нұрасыл Медеу ерекше шешім қ...
17.10.2026
16:22
Шымкенттегі шудан кейін Қайрат Нұртастың концер...
17.10.2026
15:35
«Басыңды кесіп аламын»: Астанада ер адам 11 жас...
17.10.2026
14:17
Динара Сәтжан сәби күтіп жүр ме? Желіде жұртты ...