Белгілі экономист Расул Рысмамбетов жаңа қызметке тағайындалды

05.08.2026 13:07 Әсел МҰРАТ
Белгілі экономист Расул Рысмамбетов жаңа қызметке тағайындалды
204
Фото: Расул Рысмамбетовтің Facebook парақшасынан

Белгілі экономист әрі сарапшы Расул Рысмамбетов зейнетақы қорының тәуелсіз директоры болды, деп хабарлайды Politico.kz.

Расул Рысмамбетов Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) тәуелсіз директоры қызметіне тағайындалды. Оның кандидатурасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мақұлдады

Тиісті шешім 3 тамызда қабылданғаны туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

БЖЗҚ-ның ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Расул Рысмамбетов қордың директорлар кеңесінің құрамына 22 маусымда сайланған. 

Расул Рысмамбетов – қаржы сарапшысы. Ол бұған дейін Borrelli Walsh / Kroll халықаралық компаниясында қаржылық кеңесші және серіктес болып жұмыс істеген. 2010 жылы ENRC корпорациясында (қазіргі ERG) жоба менеджері болды. 2015 жылы Halyk Bank-те менеджер қызметін атқарған. Ал 2024 жылы тамыздан 2026 жылғы мамырға дейін Назарбаев университетінің Ұлттық талдау орталығын басқарған.

Ол 2025 жылдан бері Қаржы министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің мүшесі болған.

Войдите, чтобы оставить комментарий