«BI Group, Bazis, RAMS та жауап беруі керек»: депутат құрылыс компанияларын жауапқа тартуды талап етті

Мәжілісмен Бақытжан Базарбек жосықсыз құрылыс компанияларының бірыңғай тізілімін енгізуді ұсынды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның айтуынша, кейбір құрылыс компаниялары азаматтарды сан соқтырып, баспанасыз қалдырып отыр.
«Кейбір құрылысшылар жер телімдерін сатып алып, бас жоспар мен ПДП-ны өзгертпестен, өз бетінше құрылыс жүргізеді. Салдарынан адамдар зардап шегеді», – деді Бақытжан Базарбек.
Оның айтуынша, сот шешімінен кейін мұндай компаниялар жосықсыз құрылыс салушылардың реестріне енгізіледі. Депутат бұл ұсынысты әріптестері қолдайтынына сенім білдіріп, жаңа кодексте құрылыс саласына нақты бақылау тетіктері енгізілетініне үміттенеді.
Сондай-ақ Бақытжан Базарбекке бұл талаптар ірі құрылыс компанияларына — BI Group, Bazis, RAMS және басқаларына қолданыла ма деген сұрақ қойылды.
«Әрине, бәріне қатысты. Заңның аты – заң. Егер ол кейбір компанияларға жүрмейтін болса, ондай заңның құны көк тиын. Барлық құрылыс компаниялары — BI, Bazis, RAMS және өзгелері — заңды бұлжытпай орындауы тиіс», – деді депутат.
Соңғы жаңалықтар




