Бірегей уақыт белдеуіне қатысты мәселе қоғамда кеңінен талқылануда

Бірегей уақыт белдеуіне қатысты мәселе қоғамда кеңінен талқылануда
31.12.2024 14:42
0
81

Қазіргі кезде бірегей уақыт белдеуіне қатысты әлеуметтік желі мен БАҚ беттерінде әртүрлі деңгейдегі белсенділікті көруге болады. Олардың арасында қабылданған мәселеге қатысты теріс пікірлер де бар. Бірнеше ресейлік телеграм-арналардың ақпараныша, бұл жағдайға шетелден грант алатын азаматтар ықпал етуге тырысып жатыр. 

Жалпы еліміздегі резонанс тақырыптарға өз мүддесіне бұрмалаған топтардың пайда болуы үйреншікті жағдайға айналды. Қоғамды дүр сілкіндірген Шерзаттың өлімі, Салтанат ісі, атом электр станциясын салуға қатысты референдум сияқты ақпараттарға қатысты осы жағдайды байқауға болады.

Сондағы мақсаттың бірі – мемлекеттік институттарға деген сенімді әлсіретіп, саяси әрі экономикалық салада жаңа «ойын ережелерін» қалыптастыратын жағдайларға қарсылық көрсету. Мәселен билікті бірыңғай уақыт белдеуін енгізудің мағынасыздығы және расталмаған шығындары үшін тікелей немесе жанама айыптау бар сыңайлы. Бір жағынан бұл Ресеймен күрестің екінші майданын ашу әрекеті болмаса да, тұрақсыздық ошақтарын қалыптастыру талпынысы да болуы мүмкін. 

Осыған қоса Өнімді Бөлу Келісімдеріне қайта қарау ықтималдығы да жоқ емес. Себебі бұл мұнай «алыптарының» иелерінің тапсырмасы бойынша батыс арнайы қызметтерінің белсенділігінің артуына әкелуі мүмкін.

Қазақстанда әралуан тақырыптар талқыланатыны жасырын емес. Осы орайда өңірлік сәйкестікке қатысты тақырыптар әрдайым ерекше көңіл аудартады. Әсіресе уақыт белдеуі мәселесі – бұл тек жайлылық мәселесі емес, сонымен бірге өңірлік сәйкестік пен адамдардың ыңғайына қатысты мәселе, сондықтан бұл мәселе потенциалды түрде қауіпті болуы мүмкін.
Кез келген мәселені талқылау мен диалог арқылы шешуге болады. Алайда кей талқылауларда көбінесе шектен шыққан көзқарастар басым, барлық тарапты қанағат ететін, шешім іздеуге талпыныстар байқалмайды. Көп жағдайда барлығы дау-дамайға ұласып, қараңғының ерте түсетіндігіне қатысты ашу-ыза мен наразылықты қоздыруға әкеледі. Бұл қоғамдық пікірге манипуляция жасауға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или