Бірінші вице-премьер Роман Скляр Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайымен және жүргізіліп жатқан жұмыстарды үйлестіру барысымен танысты
Жұмыс сапары барысында бірінші вице-премьер Ақтөбе су қоймасының ағымдағы жай-күйін тексерді, ол еріген қар суының шамадан тыс жиналуы салдарынан толып кеткен. Су қоймасындағы суды ағызып жіберу нәтижесінде Елек және Қарғалы өзендерінің бойында орналасқан Ақтөбе қаласының саяжайлары су астында қалды. Қазіргі уақытта су қоймасы 100%-ға толған, су гидротехникалық құрылыстар арқылы секундына 1 000 текше метр қарқынмен жіберіліп жатыр. Р. Скляр су қоймасының жағдайына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді, ал су жіберу бойынша барлық жұмысты жергілікті атқарушы органдармен келісуді тапсырды.
Сонымен қатар жұмыс сапары барысында ТЖМ өкілдерімен бірге Сазды су қоймасын, Қарғалы және Елек өзендерінің бойындағы бау-бақша және тұрғын алаптарын тікұшақпен аралап ұшып шықты. Алға ауданындағы қорғаныс бөгеттері тексерілді.
Бүгінгі жағдай бойынша облыстың үш ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір) және Ақтөбе қаласында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы ТЖ жарияланды. 6 ауданда электр қуаты апатты түрде ажыратылып, 200-ге жуық үй су астында қалды, 2 870 адам эвакуацияланды.
Су тасқыны салдарын жою жұмыстарын жеделдету үшін Ақтөбе облысына шамамен 220 адам және 25-тен астам техникадан жасақталған Маңғыстау облысы ТЖД, 52859, 20982 әскери бөлімдерінің күштері мен құралдары жіберілді. Жалпы өңірдегі су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 1 735 адам, 350 техника мен 62 мотопомпа жұмылдырылған.
Мемлекеттік органдардың барлық күш-жігері су тасқынының салдарын барынша азайтуға бағытталған. Зардап шеккендерге Үкімет пен әкімдіктер тарапынан қажетті көмек көрсетілетін болады.
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар
12.12.2024
09:39
Қазақстанның тәуелсіздік алғаны
12.12.2024
09:27
Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды ...
12.12.2024
09:10
2025 Жаңа жылға арналған құттықтау сөздер мен т...
11.12.2024
21:21
Шерзат Полат ісіндегі екі әйел куәгер болып кет...
11.12.2024
20:19
Марқұм Нұрқанат туралы тың деректер шықты
11.12.2024
19:48
Жаңа адамдар Бағлан Әбдірайымовқа өзімен жұмыс ...