«Генста апамыз»: Нағима Есқалиева тойда билеп, жұртты таңғалдырды

05.12.2025 12:34 Айсұлу Мұрат Айсұлу Мұрат
«Генста апамыз»: Нағима Есқалиева тойда билеп, жұртты таңғалдырды
0
363
Коллаж: Politico.kz

Халық әртісі Нағима Есқалиева тағы да ел назарында. Әлеуметтік желіде тараған видеода өнер иесі Gangsta’s Paradise әнінің әуеніне қосылып, ерекше харизмасымен тойды дүр сілкіндірген, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Тыңдармандардың бірі оның энергиясына тәнті болса, енді бірі бұл әрекетін құп көрмей отырғаны байқалады. Әншінің сахнада емес, тойда еркін би билеуі желі қолданушылары арасында қызу талқы тудырды. Пікірлер екіге бөлінді:

Таңданыс пен қошемет білдіргендер:

«70 жаста ритмге еніп билеу – вау! Әдемі қарттыққа жетейік!», «Аңыз адам ғой!», «Тұрыстың өзі қандай, 40 жастағылар жолда қалады!», «Керемет! Жасыңыз жүзге толсын!» деді желі оқырмандары.

Ал енді бір бөлігі әншінің мұндай әрекетін құптамады:

«Ақыр заман белгілері ғой», «Қазақша ән айтқанда бұдан да күшті болар еді», «Екеуі ұрсып тұрған сияқты», «Өнеге алатын не бар? Шулағаннан басқа» деп жазып жатыр қолданушылар.

Нағима апаның бұл бейнежазбасы желіде «Біздің Генста апамыз!» деген әзілге де арқау болды. Қалай болғанда да, халық әртісінің харизмасы мен жігері көпшілікті бейжай қалдырмағаны анық.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий