Боксшы Темірлан Мұқатаев жеңілісінен соң мәлімдеме жасады

Боксшы Темірлан Мұқатаев жеңілісінен соң мәлімдеме жасады
21.10.2025 12:31
0
44

Семейде бокстан ел біріншілігі өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде ширек финалда жастар арасында төрт дүркін Азия чемпионы Темірлан Мұқатаев жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Б

Ол ширек финалда Оңталап Рахмановпен қолғап түйістірді. Жекпе-жектің алғашқы раундтында 5:0 есебімен Темірлан Мұқатаев жеңген еді. Алайда екінші раундта қос боксшының басы соқтығысып, Темірланның қабағы жарылып кетті. Нәтижесінде соңғы екі раундта төрешілер Қызылордалық Оңталапқа басым ұпай берді. Осылайша Мұқатаев жарыс жолынан шығып қалды.

Осыдан кейін Темірлан Мұқатаев жанкүйерлеріне мәлімдеме жасады.

 

"Ұтылдым, қателестім. Иә, қолымды көтермеді. Бұл өмір, бұл бокс. Иә, үміт ақталмады. Соңғы 6 жылдағы ең өкінішті сәтім. Жұмыс сондай. Мықтылардың барлығы чемпион емес. Әлсіздердің барлығы тұғырсыз емес. Ұтсаң – қалаулы, ұтылсаң – жарамсыз (неге қазақ сондаймыз). Сенген жандардан кешірім сұраймын. Ешкімге еш өкпем жоқ. Аяғым шалынса да, жүрегім соғулы. Келесі чемпиондық белестерде жолыққанша, қазағым", — деді Темірлан өзінің instagram парақшасында.

Айта кетейік, Темірлан Мұқатаев жастар арасында төрт дүркін Азия чемпионы. Мұқатаев соңғы рет тамыз айында Тайландтың Бангок қаласында 22 жасқа дейінгі жастар арасында өткен Азия чемпионатында ақтық финалға жолдама алып, финалда ол өзбек боксшысы Шахзод  Полвоновпен қолғап түйістірді. Үш раундтың қорытындысы бойынша отандасымыз жеңіске жетіп, алтынннан алқа тақты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий