"Бөтен қой бар ма?". Ләйлә Сұлтанқызы бала кезін еске алды
2707
Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы балалық шағын еске алды.
Ол бала күнінде қой баққанын айтып, 40 жыл бұрын түскен суретін жариялады. Арада осынша уақыт өткенде сол жерге келіп, тағы суретке түскен.
Бала кезде күнде кешке көршілер бір-бірін аралап, түлігін іздейтін. Алты қойы, бір сиыры бұзауымен, Ақтөс атты итім бар еді. Кезегі келгенде қой бағып, ағасына шалап, бетіне шекер себілген нан мен май таситын қойшы Ләйлә мен боламын. Суретте еш уайымы жоқ, ерке, әкесінің қызы 7 жасар Ләйлә, оң жағымда туысқан ағам Асылбек және 4 жасар туған інім Ерлан. ...Бұл – менің балалық шағым өткен жер. Бұрынғы Қайнардың маңындағы ауылым Қайтпас – 1. Бүгінгі Нұртас шағын ауданы. Араға 40 жыл салып осы суретті жалғыз қайталау бұйырыпты. Ағам – Бозарықта, інім Қаскелеңде отбасымен тұрады, – деп жазды тележүргізуші.Сөзінің соңында тележүргізуші қойдың кезегі он күн сайын келетінін, шаң-шаң болып жүретінін жазды.
Соңғы жаңалықтар
07.07.2026
15:34
Саясаттанушы Конституциялық сот шешімін түсіндірді
07.07.2026
15:19
«Жүрегіме қатты бататын»: Кәсіпкер Нұрхан сынып...
07.07.2026
14:50
"Ештеңе оңай келмеген": Роза Әлқожа жан сырын а...
07.07.2026
14:32
Конституциялық Сот президенттік мерзімдер санын...
07.07.2026
14:09
Бурабайда жұмыс уақытында пикникке шыққан білім...
07.07.2026
13:12
«Кешке үйде ұрыс»: Гүлнұр Оразымбетова балалық ...