Қазалыда парамен ұсталған экс-судья мен сот төрағасына үкім шықты

05.10.2026 • 11:17 Әсел МҰРАТ
Қазалыда парамен ұсталған экс-судья мен сот төрағасына үкім шықты
221
Фото: ҰҚК

2026 жылы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты сот үкімі шығарылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Олар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Атап айтсақ, биылғы жылдың қаңтарында айыпталушыларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған болатын.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.

Войдите, чтобы оставить комментарий