Бүркіт пен Аиша фильмнен көрініс жасап, жанкүйерлерін күлкіге қарық қылды

Қазақстандық танымал өнер иелері Айбек пен Виктория Жансейітовтар, сахнада Бүркіт пен Аиша атымен белгілі, Instagram желісінде кең танымал комедиялық бейнеролик жариялап, жұртты күлкіге бөледі. Ерлі-зайыптылар кеңестік классикалық фильм "Любовь и голуби" киносындағы танымал көріністі шебер бейнелеген, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бейнежазбаны Бүркіт өз блогында жариялап, күні бойы көлік жүргізгенін, жолда жиі ашулы адамдар кездескеніне қарамастан, көңіл-күйін сақтауға тырысқанын айтып өтті. "Күлкі өмірді ұзартады", — деп жазды әнші.
Кадрларда Бүркіт пен Аиша Александр Михайлов пен Любовь Гурченко сомдаған Василий мен Раиса Захаровна кейіпкерлерін ойнайды. Вася диета ұстап жүрген Раисадан тамаққа аздап тұз салуға рұқсат сұрап, нанның шетін армандайды. Ерлі-зайыптылардың дәл әрі шынайы ойыны көрермендерді тәнті етті.
Желі қолданушылары да жылы пікірлерін жаудырды:
«Нағыз тандем, рахмет эмоция үшін», «Киноға бірге түскендеріңізді қалаймыз», «Ой, күліп өлдім, озвучка керемет», «Бүркітке кез келген рөл жарасады», - деп жазды олар.
Жанкүйерлер Бүркіт пен Аишаның өнерін жоғары бағалап, позитивті көңіл-күй сыйлағанына алғыстарын білдірді.
Соңғы жаңалықтар





