Даниал Ахметов Федерация президенттігінен мерзімінен бұрын кетті

Даниал Ахметов Федерация президенттігінен мерзімінен бұрын кетті
11.12.2024 11:00
0
72
Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жаңа президент болуы мүмкін

Жеңіл атлетика Федерациясының президенті Даниал Ахметов мерзімінен бұрын қызметінен кетеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Федерацияда бүгінгі күні өтіп жатқан конференция барысында жаңа президент сайланатыны белгілі болды.

«Күн тәртібінде үш мәселе қаралады: президенттің 2024 жылғы есебін бекіту, президенттің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және жаңа президентті сайлау», – дейді журналист.

Резванцевтің мәліметінше, бұл конференцияның күн тәртібі делегаттарға тек кеше ғана жіберілген. Жаңа президенттікке үміткер ретінде Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың есімі аталды.

«Ольга Рыпакова – президенттікке басты үміткер», – деп толықтырды Резванцев.

Даниал Ахметов Қазақстан Жеңіл атлетика Федерациясын 2018 жылдан бері басқарды. Бұған дейін ол 2014 жылдан 2023 жылдың маусымына дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарған болатын.

Ақпарат kursiv.media сайтынан алынған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или