«Дәрі егіп өлтіріп алған»: Шымкентте мектеп оқушысы белгісіз себептен ажал құшты

«Дәрі егіп өлтіріп алған»: Шымкентте мектеп оқушысы белгісіз себептен ажал құшты
21.04.2025 08:21
0
132
Фото: freepik.com

Ер адам 28 ақпанда дене қызуы көтерілген бауырын жедел жәрдем қызметі Шымкенттегі жұқпалы аурулар ауруханасына алып кеткенін айтты. Алайда ол 2 сағаттан соң ауруханаға өз аяғымен кірген бауырының денесін алып шыққан, деп хабарлайды POLITICO.KZ STAN.KZ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Марқұмның туыстары фельдшер мен аурухана дәрігерлерінің жұмысына бейжай қарағанына шағымданды. Жақындарының айтуынша, 4-сыныпта оқитын балақайды ауруханаға жатқызбай тұрып оған дәрі еккен. Ал сот сараптамасында ол дәрінің атауы да жазылмағанын айтты. Олар жергілікті тергеу органдарынан әділдікті талап етіп, дәрігерлердің жазасыз қалып кетпеуін сұрады.

«28 ақпан кешкі 18:30 шамасында жедел жәрдем шақырған едік. Інім марқұм Әбдірасіл Аршын Маратұлының дене қызуы 40°C үстінде болған. Фелдшер сымағымыз келіп қан тапсырып алмастан бұрын аналгин (ауырсынуды басатын және қызуды түсіретін дәрі) мен димедрол (антигистаминдік "аллергияға қарсы" дәрі) салған. Фельдшер оның денесі тырысып қалуы мүмкін деп Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына салып алып кетті. Жанында әкем болған. Ауруханаға жеткеннен кейін інім өз аяғымен ішке кіріп кеткен. Сол жердегі санитар әйел қабылдап алған. Дәрігерлерден ешкім болмаған. Ауруханада жөндеу жұмыстары жүріп жатқан екен», – деді марқұмның ағасы.

Ер адамның айтуынша, балақайдың әкесіне дәрігерлер «палатаға жатқызамыз, қайта беріңіз» деп есігін жауып алған. 

«19:45 шамасында анама дәрігер әйел хабарласып, ініме қандай укол салған еді деп сұраған. Арада 2 сағат өткеннен кейін хабарласып балаларыңыз реанимацияға түсіп қалды деп хабарлады. Барсақ інім қайтыс болып кеткен. Денесі жаңа көз жұмған адамның денесі емес. Бұлар тастап кеткен кезде-ақ өлтіріп алған. Қайдан екпе пен препарат салынғанын білмейміз. Амалдың жоғынан сот медициналық экспертизасын жасаттық. Сараптамаға баланың миында ісік бар деп жазып бере салыпты. Салынған дәрілердің тізімі жоқ, қай уақытта өлгеніне дейін өтірік жазылған», – деді марқұмның ағасы. 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий