Дариға Назарбаевның “екінші куйеуінің” балалары Ақтөбедегі жаңа ірі жобамен айналыспақшы

06.08.2026 21:21 Қарақат АСЫЛОВА
Дариға Назарбаевның “екінші куйеуінің” балалары Ақтөбедегі жаңа ірі жобамен айналыспақшы
624

Ақтөбедегі электр желілерін жаңғырту жобасына Бәйтерек құрылымынан несие сұралды, деп хабарлайды Politico.kz “Курсив” басылымына сілтемемен.

Ақтөбеде электр энергиясын тасымалдаумен айналысатын «Энергосистема» компаниясы электр желілерін жаңғырту жобасын іске асыру үшін Қазақстанның Даму банкінен қаржыландыру алуға өтінім берді.

Қазіргі таңда жоба индикативтік талдау кезеңінде. Бұл несие беру туралы түпкілікті шешімнің әлі қабылданбағанын білдіреді.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында компанияның таза пайдасы 6,4 млрд теңгені, ал жалпы кірісі 35,6 млрд теңгені құрады. Маусым айының соңындағы бөлінбеген пайда көлемі 25,7 млрд теңгеге жеткен. «Энергосистема» табиғи монополия субъектісі ретінде кәсіпорындар мен халықты электр энергиясын жеткізу қызметімен қамтамасыз етеді.

Компанияның түпкілікті меншік иелері ретінде Қорлан Шәріпбаева мен Данияр Қайрат көрсетілген. Олар – «QazaqGaz» ұлттық компаниясын бұрын басқарған Қайрат Шәріпбаевтың қызы мен ұлы.

Қайрат Шәріпбаев бұған дейін «QazaqGaz» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарған. Бұқаралық ақпарат құралдарында оның Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаевамен байланысы туралы ақпараттар жарияланған, алайда бұл мәліметтер ресми түрде расталмаған.

Войдите, чтобы оставить комментарий