"Дене бөліктерін қазанға қайнатқан": 22 жастағы жігіт анасын бөлшектеп тастады деген күдікке ілінді

Қырғызстан астанасы Бішкекте 22 жастағы жігіт анасын бөлшектеп, дене бөліктерін ас үйде қайнатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы POLITICO.KZ Kaktus.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бішкектегі Первомай аудандық ішкі істер басқармасына Боконбаев көшесі мен Манас даңғылының қиылысындағы үйлердің бірінен қатты жағымсыз иіс шығып жатқаны туралы ақпарат түскен.
Шақырту орнына барған учаскелік милиция инспекторы пәтерге кірген кезде әйелдің бөлшектенген денесін көрген.
Алдын ала мәлімет бойынша пәтерде 2003 жылы туған жігіт болған. Ол асүйде қазанға ет қайнатып отырған. Кейіннен белгілі болғандай, бұл оның 1976 жылы туған анасының дене бөліктері екен. Қалғаны тоңазытқыштан табылған.
Күдікті ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты психологиялық-психиатриялық сараптама тағайындалды.
Соңғы жаңалықтар





