Димаш Мексикадағы ұмытылмас концерттері үшін тыңдармандарына алғыс айтты

Димаш Мексикадағы ұмытылмас концерттері үшін тыңдармандарына алғыс айтты
13.10.2025 11:42
0
101
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әнші Димаш Құдайберген Мехикода екі концерт беріп, жанкүйерлерінің алдында өнер көрсетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

8 және 10 қазанда әртіс беделді Auditorio Nacional және Palacio de los Deportes сахналарында екі үлкен концерт берген еді. Екі концерт те аншлагпен өтті: алғашқы шоу билеттері небәрі 40 минутта сатылып, ал тыңдармандардың сұрауы бойынша ұйымдастырылған қосымша концерт рекорд жаңартты - барлық орындар 8 минутта сатылды.
Әнші өзінің әлеуметтік желіде екінші концерттен видео жариялап, жанкүйерлеріне зор қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді:

«Рахмет, достар. Сіздер кереметсіздер. Stranger. Мексика. Екінші күн.»

Әншінің тыңдармандары да өз әсерлерімен бөлісті:

«Бұл нағыз эмоцияға толы кеш болды. Жылы қарсы алған Мексикаға рахмет!»«Экран арқылы да қуатты энергетика сезілді!»
«Сіздер көрерменмен бірге таңғажайып концерт жасадыңыздар!».

Димаштың келесі концерттері Барселона мен Лондонда өтеді, онда тыңдармандары әртіспен кездесуді асыға күтуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий