Димаш Құдайберген Барселонадағы фан-кездесуден видео көрсетті

Димаш Құдайберген Барселонадағы фан-кездесуден видео көрсетті
03.06.2025 18:57
0
228
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Димаш Құдайберген Барселонада фан-кездесу өткізді. Ол Instagram парақшасында осы кездесуден жылы әсерге толы видеокадрлармен бөлісті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Барселонадағы кездесуден видео", – деп жазды Димаш жариялаған бейнежазбаның сипаттамасына.

Кадрларда Димаштың жанкүйерлерімен бірге ән салып, көрермендердің сұрақтарына ықыласпен жауап беріп жатқаны, залдағы қатарлар арасында жүріп Dears-теріне сәлем бергені көрініс табады.

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл кездесуден ерекше әсер алғандарын жазды:

"Қандай керемет сәт, сенімен кездесуді асыға күтеміз, Латын Америкасына келсең екен, біз сені қатты жақсы көреміз", "Барселонадағы кездесу – жүрегімізде мәңгі сақталатын сәт. Сенің испан тілінде сөйлеп, ән айтқаның біз үшін өте әсерлі әрі маңызды болды. Бұл – сүйіспеншілік пен құрметтің белгісі, оны біз ешқашан ұмытпаймыз", "Бұл фан-кездесу сондай жылы, үйдегідей атмосферада өтті. Онда болғандар – нағыз бақытты жандар", – деп пікір қалдырды жанкүйерлер.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий