Дін және мемлекет: Конституцияға өзгеріс енгізу ұсынылды

Дін және мемлекет: Конституцияға өзгеріс енгізу ұсынылды
Фото: Конституциялық сот

Конституциялық комиссияның бесінші отырысы барысында Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай Конституциядағы зайырлы мемлекет туралы норманы нақтылауды ұсынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақылбай Қазақстанда діни ұйымдардың қызметі заңға сәйкес жүзеге асырылатынын және белгілі бір жағдайларда шектелуі мүмкін екенін Конституцияда қосымша көрсету қажет екенін айтты.

«Бүгінгі жағдай бұл мәселеге қатысты мемлекеттің ұстанымын нақты бекітудің өзектілігін көрсетіп отыр. Мен діни ұйымдардың қызметі конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау, адам құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығын, сондай-ақ қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын қорғау мақсатында шектелуі мүмкін екенін қосымша көрсетуге ұсыныс білдіремін», — деді Серік Ақылбай.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу