Динара Қырықбаева сахнаға шықпағанына 15 жылдан асқанын мойындады
Желіде белгілі әнші Динара Қырықбаеваның тойда өнер көрсеткен видеосы тарады, деп хабарлайды Politico.kz.
Видеодан Динараның елдің ыстық ықыласына бөленген сәтін көруге болады.
Әншінің айтуынша, сахнаға шықпағанына 15 жылдан асқан.
Бүгінгі таңда Динара Қырықбаева – сахнадан алыстап кетсе де, әлеуметтік желіде белсенді блогер.
«Тойда ән айтып, жүрегім қуанышқа толды. Ұмытпай шақырғандарыңызға көп рақмет. Сахнаға шыққанымда өзімді шын мәнінде бақытты сезіндім, әнмен, қуанышпен есте қалатын керемет сәт болды», - деп жазды Динара Қырықбаева.
Желі қолданушылары көптен бері көрінбей кеткен Динараның ән салғанын көріп, сахнаға қайта оралуын сұрады.
«Сізді көріп қатты қуанып қалдық. Көрермен халықтың есінде екенсіз, соңғы кезде экраннан көп көрінбей кетсеңіз де. Қошеметі бөлек болды сізге деген. Шығармашылығыңыз дами берсін! Бұйырса жаңа хит әндеріңіз көп болсын! Күтеміз!», «Сахнада ән салып жүруге әбден лайықсың. Көргеніме қатты қуаныштымын», « Әнші Динараны сағындым», - деп жазды желі қолданушылары.
Соңғы жаңалықтар