Досымжан Таңатаров ерекше жаңалығын бөлісті

30.04.2025 18:39 Берік Арманов Берік Арманов
Досымжан Таңатаров ерекше жаңалығын бөлісті
0
195
Фото: әлеуметтік желі

Қазақ эстрадасының белгілі өкілі Досымжан Таңатаров 50 жас мерейтойына орай жеке шығармашылық кешін өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Әнші жақында «1001 түн» студиясына берген сұхбатында алдағы концерт жайлы тың мәліметтермен бөлісті. Оның айтуынша, кеш live форматта, ВИА сүйемелдеуімен, бишілер қатысуымен өтпек. Бұл жолғы сахналық қойылымда әнші өзі де би элементтерін қосуға дайындалып жатқанын айтты:

«Бишілер болады. Соған икемделіп, өзімше әрекет жасап жатырмын. Әзірге биім керемет демеймін, десе де "дайындалсақ, шығатын сияқты" деп арқамнан қағып қойды», – дейді ол.

Досымжан Таңатаров бұл кеште дәстүрлі халық әндерін қазіргі тыңдаушы талғамына сай заманауи үлгіде ұсынбақ. Оның айтуынша, басты мақсат — ұлттық әндердің табиғатын сақтап, тың леп беру.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий