Екі баланың анасы аяусыз соққыдан көз жұмды: марқұмның туыстары сұмдық жайтты айтты

19.06.2026 14:44 Мөлдір ҚАЙНАР
Екі баланың анасы аяусыз соққыдан көз жұмды: марқұмның туыстары сұмдық жайтты айтты
243
Фото: Sputnik.kz

Щучинск қаласында 36 жастағы екі баланың анасы Әсем Шабельскаяның өлімі қоғамның назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Sputnik.kz мәліметінше, әйелді бірге көңіл жарастырған танысы аяусыз соққыға жыққан деген күдікке ілінді.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, Әсемнің жолдасы 2022 жылы қайтыс болған. Содан бері ол екі баласымен бірге ата-енесінің қолында тұрған. Кейін бір ер адаммен танысып, араласа бастаған.

«Сіңілім шипажайдағы дүкенде жұмыс істеді. Ал күдікті сол жерде ІТ маманы болып істеген. Олар осыдан екі жыл бұрын танысқан», – дейді марқұмның әпкесі.

Туыстарының сөзінше, күдікті әйелді аяусыз ұрып-соққан. Кейін болған оқиғаның ізін жасыру үшін пәтерді тазалап, тек содан кейін ғана оны ауруханаға жеткізген.

«Ол кезде Әсемнің жүрегі әлі соғып тұрған. Бірақ күдікті дәрігерлерге оның басын ұрып алғанын ғана айтқан. Егер шын мәнінде ұрып-соққанын жасырмай жеткізсе, дәрігерлер сіңілімді аман алып қалар ма еді», – дейді әпкесі.

Марқұмнан 6 және 8 жастағы екі бала қалды. Ал қылмысқа күдікті ретінде 34 жастағы ер адам ұсталған.

Войдите, чтобы оставить комментарий