«Екі жастың арасына есі кеткен түседі»: Қайрат Нұртастың інісі халықтан ағасының отбасына араласпауды өтінді

Қайрат Нұртастың інісі Занғар әлеуметтік желіде отбасына қатысты айтылған кейбір жағымсыз пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Занғардың айтуынша, оған ағасы Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдукәрімова туралы жиі жазады. Кейбіреулер ерлі-зайыптылардың бөлек тұрады деп ойлайды.
Сонымен қатар, Заңғар жұрттың өзіне де «ағасының арқасында шалқып жүр» деген ауыр сөздер айтылатынын жеткізді.
«Соңғы кездері осылай жазатын кісілердің саны көбейіп кетті. Әрине, әркімнің өз ойы, пікірі бар. Дегенмен, біреудің отбасы жайлы, ол отбасы ішінде не болып жатқанын, анық-қанығын білмей жатып былай жазғандарыңыз дұрыс деп ойламаймын. Мен де отбасымның бақытты, тату болғанын қалаймын ғой! Бірақ менің де, сіздердің де ол кісілердің отбасына араласуларыңыз орынсыз. «Екі жастың арасына есі кеткен түседі» деген қазақта әдемі сөз бар.
Көпшілік мені «Қайрат аға, әке-шешесінің ақшасымен өмір сүреді» деп айтып жатады. Дегенмен, жігіт адамға ең жат нәрсе - ол жігіт емес, ез болғаны шығар. Бірінші - Алла, кейін әке-шешем мен ағамның арқасында жаман өмір көрмедік. Мені оқытып, осы күнге жеткізіп, қармақ бергендері сөзсіз. Менің қалай күн көріп жүргенімді жақындарым біледі. Әрине, ешкімге еш нәрсе дәлелдеудің қажеті жоқ. Дегенмен, кейде сөз сүйектен өтіп, осындай пікірлеріңіз жүйкені жұқартады. Түсінікпен қарауларыңызды сұраймын. Біз енді халықтың алдында жүргеннен кейін ешкімнің аузына қақпақ бола алмаймыз. Дегенмен, менің және менің ағаларымның өсіп келе жатқан ұл-қыздарына бұл нәрсе әсерін тигізіп жатқанын ұмытпаңыздар. Бәріңіз бір-бір бала тәрбиелеп жатсыздар. Рақмет», - деп түйіндеді Заңғар Нұртас.
Соңғы жаңалықтар





