“Ел үшін туған“. Мейрамбек Бесбаев Мақпал Жүнісоваға өлең арнады
Әнші Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап, оған арналған өлең жариялады.
Әнші Халық әртісімен бала кезінде түскен суретін де жариялаған.
Мақтаулы Мақпал,
Тәтті әнді Мақпал!
Тербеткен ән боп,
Бақтарды Мақпал!
Ақжүрек Мақпал,
Ән - жүрек Мақпал!
Ел үшін туған,
Елжіреп Мақпал!
Тағдырлы Мақпал,
Ән - жырлы Мақпал!
Сахна сәні,
Сан қырлы Мақпал!
Нәзік үн Мақпал,
Сазы - мұң Мақпал!
Әніңмен егіз,
Әзілің Мақпал!
Күлкің-ай, Мақпал,
Шіркін-ай, Мақпал!
Сақтасын сұқтан,
Бір Құдай, Мақпал!
Әпкетайым туған күніңізбен!", - деп жазды Мейрамбек Беспаев.
Әнші Мақпал Жүнісова 1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы, Теректі ауылында дүниеге келді. Ол Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері ) және Халықаралық конкурстардың лауреаты.