Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпті зат шықты

Алматы метросында екі жолаушының жүгінен қауіпті зат шықты
Фото: Алматы қаласы ПД

Алматы метросында бір күннің ішінде суық қару алып жүрген екі жолаушы анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полиция қызметкерлері күдікті заттарды «Бауыржан Момышұлы» және «Жібек жолы» станцияларында тапқан.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, тыйым салынған заттар жолаушылардың жүгін рентген аппараты арқылы тексеру кезінде анықталған. Екі азамат та одан әрі тергеу жүргізу үшін полицияға жеткізілген.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып, азаматтардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Полиция өкілдері кастеттің Қазақстан заңнамасы бойынша суық қарудың соққы-талқандау түріне жататынын еске салды. Оны заңсыз айналымға енгізуге және алып жүруге тыйым салынған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу