Елдос Сметовке шұғыл ота жасалды
Елдос Сметовтің жағдайы қандай?
Қазақстандық дзюдошы, Елдос Сметов Тараз қаласындағы ауруханалардың бірінде ота жасатты, деп хабарлайды Politico.kz сайты Sn.kz-ке сілтемемен.
Ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта спортшы дәрігерлердің бақылауында. Ол биыл халықаралық жарыстарға қатысуға дайындалып жүрген еді. Алайда дәрігерлер операциядан кейін толық оңалту курсынан өту қажеттігін айтқан. Сол себепті Сметовтің жаттығу процесіне және жарыстарға қашан қайта оралатыны әзірге белгісіз.
Сондай-ақ спортшының балалары да ауруханаға түскені белгілі болды. Дәрігерлер оларға "Қызылша" диагнозын қойған. Қазір балалар да медициналық бақылауда.
Еске сала кетейік, Елдос Сметов — Қазақстан дзюдосының ең танымал спортшыларының бірі, Олимпиада ойындарының чемпионы және бірнеше мәрте әлемдік жарыстардың жүлдегері.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...
25.10.2026
09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республик...
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...