«Елге көмек» қайырымдылық қорының былығы шықты
Алматылық келіншек тележурналист Гүлмира Әбіқайға «Елге көмек» қайырымдылық қоры халықты алдап, ақша жинап жүргенін айтты, деп хабарлайды politico.kz Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.
Бұл туралы тележурналист Instagram-парақшасында жазды.
«Елге көмек» қайырымдылық қоры «осы апаға үй алып берейік, бір қазақ үйлі болсын» деп видео түсірді. Бәріміз сендік. Кейін «апаға үй алдық, осынша ақша жиналды» деп есеп берді. Апаны 3-4 ай көрмедік. Бірақ бір күні тағы қайыр сұрап отырғанын көрдім. Жанына барып «Апа, үйіңіз бар, неге тағы шықтыңыз?» деп сұрадым. Ол кісі бәрінің өтірік екенін айтты», - дейді алматылық келіншек.
Ұлжанның сөзіне қарағанда, қайырымдылық қоры қарияны жалдамалы пәтерге орналастырып, 3-4 айлық пәтерақысын төлеген. Кейін мерзімі біткесін, қарияны пәтерден шығарып жіберген.
«Апаны емдеттік» деп те айтқан. Бірақ апаның айтуынша, мүлдем емдетпеген екен. Бәрін видео үшін жасаған. Поликлиникаға да видео үшін кіріп шыққан», - дейді ол.
Гүлмира Әбіқай өз сөзінде «Елге көмек» қайырымдылық қорынан ресми жауап күтіп отырғанын жеткізді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
01.11.2026
10:21
Жұмысқа кешіккендерге айыппұл салуға бола ма? М...
01.11.2026
09:22
«Мына сайқымазақты беріңдер»: Олимпиада чемпион...
31.10.2026
17:36
Семейде сот алдында өзін өртеген ер адамның ісі...
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...