80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қазақ күйшісінің суреті тарады
Норвегияда неміс тұтқынында болған қазақтың белгілі күйшіcі, Қазақ КСР халық әртісі Рүстембек Омаровтың 80 жылдан астам уақыт бұрын түсірілген бірегей фотосуреті табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Суретте өнер иесі өзі тұтқында жүрген кезде қолдан жасаған домбырасымен бейнеленген.
Сирек фотосуретті Норвегиядағы кеңестік әскери тұтқындар туралы деректерді зерттеп жүрген Татьяна Торесен анықтаған. Кейін норвегиялық еріктілердің көмегімен сурет аукционнан сатып алынған.
Рүстембек Омаров естеліктерінде бірде оның домбырада тартқан күйін неміс офицерінің естіп қалғанын айтқан. Музыкант екенін білген офицер оған және басқа да қазақ тұтқындарына көмектесіп, жасырын түрде азық-түлік жеткізіп тұрған.
Бұл фотосуреттің табылуы әйгілі күйшінің өміріндегі бұрын беймәлім болған кезеңдерді зерттеуге мүмкіндік беріп отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
31.10.2026
16:27
«Салықтарым қайда кетіп жатыр?»: Танымал актер ...
31.10.2026
15:35
80 жыл бұрын неміс тұтқынында болған әйгілі қаз...
31.10.2026
14:39
Қазақстанда Pin-Up букмекерлік кеңсесінің иелер...
31.10.2026
14:18
«Жаңа адамдар» қозғалысы БҰҰ форумында Каспий м...
31.10.2026
13:42
Шымкентте 4 млрд теңгеден астам алаяқтық жасады...
31.10.2026
12:08
Тоқаев бюджет қаржысының әр тиынына бақылау орн...