Елімізде 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке дерегі тарап кетті
Павлодарда 2 мыңнан астам білім беру қызметкерінің деректері тарап кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Мектеп әкімшілігі деректерді медициналық тексерулерге қатысты құжаттармен бірге мемлекеттік сатып алу порталына өздері жүктеп жіберген.
Ведомство мәліметінше, 28 білім беру ұйымының құжаттарынан қызметкерлердің жеке деректері анықталған. Олардың қатарында анкеталық мәліметтер, тұрғылықты мекенжайлар және байланыс телефон нөмірлері болған.
«Мұндай ақпараттың жария болуы еңбек заңнамасының нормаларын бұзады және оны алаяқтық мақсатта пайдалану қаупін тудырады», – деп атап өтті прокурор.
Нәтижесінде прокуратураның қадағалау шаралары бойынша Павлодарда білім беру саласының 2 065 қызметкерінің жеке деректері ашық деректен жойылды.
Сонымен қатар кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...