Елімізде әртістерге алып қашу туралы ән айтуға тыйым салынбақ

06.02.2026 13:19 Әсел Мұрат
Елімізде әртістерге алып қашу туралы ән айтуға тыйым салынбақ
202
Фото: ашық дереккөз

Сенат кулуарында қазіргі әндердің мазмұнына байланысты сұрақ қойылды, деп хабарлайды Politico.kz.

БАҚ өкілдері заңнама бойынша некеге мәжбүрлеу қылмыс саналатынын еске салып, бұл бағытта құқық қорғау органдарының жұмысы күшейтілгенін атап өтті. Осы орайда кейбір орындаушылардың әндерінде қыз алып қашуды насихаттайтын жолдар кездесетіні айтылып, мәдениет және ақпарат министрлігі мұндай шығармаларға қатысты қандай да бір шара қабылдай ма деген сұрақ қойылды.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов аталған мәселе министрліктің назарында екенін мәлімдеді.

«Бір сөзбен айтқанда, біз бұл мәселеге міндетті түрде назар аударамыз. Бұл сөзсіз. Өйткені қазақстандық әртістерді оңтүстік өңірлерде ғана емес, көптеген елде тыңдайды. Сондықтан да біз мұндай мәселелерге бей-жай қарамаймыз, міндетті түрде назар аударамыз», - деді ол.

Вице-министр отандық әртістерге қыз алып қашуды насихаттайтын әндерді орындамауға кеңес берді.

«Біз жекелеген өңірлерде қыз алып қашуға қатысты соңғы оқиғалардың қоғамда қандай резонанс тудырғанын жақсы түсінеміз әрі көріп отырмыз. Біз сіздердің қолдауларыңызға үміт артамыз. Қоғамның өзі әртістерді басқа тақырыптар туралы ән айтуға ынталандырады деп сенеміз», – деп түйіндеді мәдениет және ақпарат вице-министрі.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий