Еліміздің 10 облысында жаңадан 20 су қоймасы салынады
379
ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі көктемдегі су тасқынынан кейін ел аумағында салынатын су қоймасы мен бөгендерге қатысты түсінік берді.
Сонымен қатар ведомство биыл су тасқынының алдын алу бағытында ғылыми зерттеулер жүргізілетінін хабарлады.«Еліміздегі сегіз негізгі су шаруашылық бассейндерінің жетеуі трансшекаралық болғандықтан, Қазақстан Республикасы көрші елдерден ағып келетін су ағынына тікелей тәуелді. Оған қоса, еліміз бойынша су ресурстары біркелкі шоғырланбаған. Жыл сайын ауыл шаруашылығы қарқынды дамыған еліміздің оңтүстік өңірлерінде суару маусымында айтарлықтай сумен қамтамасыз ету проблемалары туындап отыратыны бар. Аталған проблемаларды шешу мақсатында Тұжырымдама аясында гидротехникалық құрылыстарды реконструкциялау мен оларды салу және трансшекаралық келіссөздерді ел мүддесіне сай күшейту жұмыстары атқарылып жатыр», - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Қазіргі кезде тұжырымдамаға енгізілетін түзетулер басқа мемлекеттік органдармен талқыланып жатқаны белігілі болды.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жаңа Су кодексінің жобасына өзгерістер енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, су тасқынын алдын ала болжау, жоспарлау және жедел ден қою ісшараларының бірыңғай жүйесін енгізу бойынша жеке тарау дайындалды. Мемлекеттік органдардың су тасқынының алдын алу жөніндегі негізгі іс-шаралары мен құзыреттері айқындалды. Сондай-ақ, Тұжырымдамаға да өзгерістер енгізіледі. Су тасқынының алдын алу және одан келетін залалды азайту үшін кешенді ғылыми зерттеулер жүргізу қарастырылып отыр. Су тасқынын болжау мен модельдеуді жетілдіру, кадрлық әлеуетті арттыру, инфрақұрылымды дамыту жөніндегі іс-шаралар күшейтіліп жатыр», - деп аталып өткен Су министрлігі ақпаратында.
«Сонымен қатар, су тасқынына қарсы тиімді күрес тәжірибесі бар мемлекеттердегі озық шетелдік тәжірибелер зерделеніп отыр. Тұжырымдама аясында еліміздің 10 облысында жаңадан 20 су қоймасы салынып, 15 су қоймасын реконструкциялау көзделген. Салынатын 20 су қоймасы болашақта 2,5 млрд текше метрге дейін су жинай алады», - деп нақтылады министрлік.
Соңғы жаңалықтар
03.03.2026
12:39
24 жастағы әйел бесем дүниеге әкелді
03.03.2026
12:38
Ақылы жолдардан түскен миллиардтаған ақша қайда...
03.03.2026
12:15
"Таяқпен, жұдырықпен ұрады": Алматыдағы арнайы ...
03.03.2026
11:25
Көкшетауда бүтін бір отбасы ыс тиіп, уланып қалды
03.03.2026
11:02
Руслан Өтепбай құлдықта болған Құндыз бен Назгү...
03.03.2026
10:10
Қазақстандықтар Ираннан қалай ұшып кете алады?