ЕЛІМІЗДІҢ 2029 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЛТТЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНДІ
Маңызды құжатта Қазақстанның таяу жылдардағы экономикалық-әлеуметтік басым бағыттары анықталған. Ұлттық жоспар ел экономикасын екі есеге арттырып, халықтың әл-ауқатын айтарлықтай арттыруды көздейді. Елдің 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бұны еліміздің Тәуелсіздік жылдарында қабылданған маңызды Стратегиялық құжаттардың заңды жалғасы деуге болады. Ұлттық даму жоспары 17 нақты бағытты қамтып, елдің жаңа экономикалық модельге көшуін жүзеге асырады. Жандос Шаймарданов, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы: - Құжаттың маңызды мақсаты – ел экономикасын екі есе арттыру, оның ішінде 17 бағдар бар. Бизнес сарапшылар қоғамдастығы қазір осы құжаттың дайындалуына белсенді ат салысып жатыр. Құжаттың тұжырымдамасын бірнеше алаңда алдын-ала талқыладық. Ұлттық Даму Жоспарын іске асыру 2029 жылға қарай келесідей нәтижелерді беруі керек. Экономиканың жылдық өсу қарқынын 6-7% көлемінде сақтай отырып, жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің көлемі 2 есеге дейін өсуі тиіс. Сондай-ақ, ел азаматтарының әл-ауқаты айтарлықтай артып, орташа жалақы жоғарылауы керек. Жаспардың ең басты мақсаты – еліміздің ЖІӨ-ін 2029 жылға қарай 450 млрд АҚШ долларына жеткізу. Гүлнәр Бижанова «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары: - Қазақстан экономикасы дамуы үшін бұл құжаттың маңызы зор. Өйткені, бұл негіздің негізі болып табылатын ұлттық жоба. Оның аясында кейін стратегиялық құжаттар қабылданады. Кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қалай қорғаймыз, қалай көтереміз. Конструктивті ұсыныстарды палаталардан, эксперттерден жинақтап, осы агенттікке ұсындық.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
14:46
«Дәлел жоқ»: Ақтаудағы баланың әкесі мен хирург...
03.11.2026
13:23
"Құдай сақтасын": Айдана Меденова күйеуімен ажы...
03.11.2026
12:21
Еліміздің ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден ...
03.11.2026
11:24
Тоқаев Жоғары сот кеңесінің хатшысын қызметінен...
03.11.2026
11:16
Қостанайда 86 жастағы зейнеткерді өлтіріп кетті
03.11.2026
10:37
"Кез келген өзгеріске дайынмын": Дариға Бадықов...