"Елу жасым келе жатыр": Айгүл Иманбаева алдағы жоспарымен бөлісті

Әнші, актриса, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева Jibek Joly арнасының "Бүгін Live" бағдарламасына берген сұхбатында шығармашылық өміріне қайта оралғанын мәлімдеді.
«Әр нәрсе өз уақытымен. Қазіргі таңда жеке шығармашылығымды қолыма алып жатқан жайым бар. Әншілік өнерімді, театрды. Кинодан да дәмем өте зор. Алда 50 жасым келе жатыр. Күнделік жазатын адаммын, мемуар-кітабым алда жарық көріп қалуы мүмкін», — деп атап өтті.
Айгүл Иманбаеваның айтуынша, қазіргі кезең — өмір мен өнер жолындағы жаңа белестерді саралап, шығармашылықты қайта бағамдау сәті.
Ол тың жобаларға кірісіп, жаңа кинолық рөлдерге дайын екенін айтып, жанкүйерлерін қуантты. Көпшілік әртістің өнерге қайта оралуын жылы қабылдап, оның жаңа бастамаларына сәттілік тіледі.
Соңғы жаңалықтар





