Абай облысындағы арнаулы орталықта ерекше балаларға көрсетілген қорлық фактілері анықталды

Абай облысындағы арнаулы орталықта ерекше балаларға көрсетілген қорлық фактілері анықталды
Бейнеден кадр

Абай облысының Аягөз ауданындағы арнаулы орталықта ерекше қажеттіліктері бар балаларға қатысты жүйелі түрде күш көрсету және психологиялық қысым жасау фактілері әшкереленді, деп хабарлайды Politico.kz сайты Syrmedia.kz телеграм арнасына сілтеп.

Өңірлік прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесінде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың 100-ден астам эпизоды анықталды. Тексеру мәліметтеріне сәйкес, мекеменің санитарлары балалардың дәрменсіз күйін пайдаланып, оларға созылмалы түрде қорлық көрсетіп келген.

Сонымен қатар, орталықтың өзге қызметкерлері болып жатқан заңсыздықтарды көрсе де, оны тоқтатуға ешқандай әрекет жасамаған және тиісті органдарға хабарламаған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Оқиғаға қатысы бар барлық қызметкерлер дереу жұмыстан шеттетіліп, олардың балалармен қарым-қатынас жасауына толықтай шектеу қойылды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізілуде.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу