"Ендігісі - сөз салу...": Олжас Абай жазбасымен жұртты ойландырып қойды

21.10.2025 07:42
0
350
әлеуметтік желі

Танымал актер Олжас Абай Instagram парақшасында ерекше жазба жариялап, оқырмандарын ойландырып қойды.

«Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге үлкен алғыс айтамын. #Ыстықұя фильмі – жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рақмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызықты болмақ», – деп жазды актер.

Оқырмандар Олжастың бұл мәлімдемесін жылы қабылдап, пікір қалдыруда жарыса жазды. Бірі «Ендігі жаңалық сөз салу болсын! Қандай жарасымды жұп!» десе, енді бірі «Таза еңбек! Таза талант! Бақытты болыңыздар!» деп тілегін білдірді. Басқалары «Сәттілік!», «Мықтылар!» деген жылы лебіздерін қалдырып, актер мен оның серіктесіне қолдау көрсетті. Ал кей қолданушылар «Сіз ең үздік продюсер боласыз!» деп шабыттандыратын пікірлер жазып, өнер иесінің еңбегін жоғары бағалады.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий