Ер адам газдалған сусынға зәрін қосып, дүкен сөрелеріне қойып кеткен

Гонконг полициясы 63 жастағы жергілікті тұрғынды газдалған сусынға өзінің зәрін қосып, супермаркет сөрелеріне қайта қойғаны үшін ұстады. Бұл туралы South China Morning Post хабарлады.
Алдын ала мәлімет бойынша, зейнеткер мен ірі сауда желісінің қызметкерлері арасында жанжал болған. Кек алу мақсатында ол ерекше тәсілді таңдаған: танымал алкогольсіз сусынның бірнеше бөтелкесін сатып алып, ашып, ішіне зәр қосқаннан кейін оларды дүкен сөрелеріне қайта қойған.
Тергеу дерегінше, күдікті барлығы тоғыз бөтелке сусынды осылай улаған. Соның бірі кішкентай балаға сатылған. Бала сусыннан ұрттап ішкеннен кейін өзін жайсыз сезініп, оған шұғыл медициналық көмек қажет болды.
Құқық қорғаушылар ер адамды бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы анықтады. Тінту барысында оның үйінен супермаркетке бөтелкелерді апарғанда киген киімдері мен рюкзагы табылды.
Соңғы жаңалықтар





