"Еркексіз адам болмайды»: Азамат Сатыбалдының жарының пікірі көптің ашуын туғызды

28.03.2025 17:37
0
99
Фото: instagram.com/azamatc

Актер Азамат Сатыбалдының жары, актриса Назгүл Қарабалинаның қазақ әйелдері туралы айтқан пікірі тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, әлеуметтік желілерде тарап жатқан үзінді видео актрисаның 3 жыл бұрын “Менің өмірім” бағдарламасына берген сұхбатынан алынған. 

Сұхбатта Назгүл Қарабалина қазақ әйелдері ер адамсыз толыққанды адам бола алмайтынын айтқан.

”Мен ер азаматсыз үйтем, бүйтем деген оттаған дүние. Солай болғысы келіп жүргендер өкіндіреді. Бола алмайды. Жеме жемге келгенде ер азаматсыз ешқайсысы ештеңе жасай алмайды. Бірақ, солай болғысы келетіндер мені қынжылтады. Мен қазақ әйелдерін айтып отырмын. Орыстарда, басқа ұлтта шатағым жоқ. Ер азаматсыз қайбір қазақ әйелі алға басып, би, дені дұрыс адам бола алмайды. Бұл — менің тұжырымым. Мен өз сөзіме жауап беремін”, — дейді ол. 

Өнер иесінің бұл пікірін желі қолданушылары қызу талқылауда. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий