«Еркеліктің қандай болатынын үйреттің»: Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады
506
Жақында екінші рет тұрмысқа шыққан танымал актриса Айгүл Иманбаева күйеуін туған күнімен құттықтады.
Ол алдымен қазіргі күйеуімен алғаш қалай танысқанын айтты.
«– Сәлеметсіз бе!
– Сәлеметсіз бе! Менің атым – Ерлан.
– Менің атым – Айгүл.
– Танысқаныма қуаныштымын.
– Мен де.
– Сіздің телефон нөміріңізді алсам бола ма? Суреттерді жіберейін деп едім...
Міне, ортақ достарымыз таныстырған кеште біздің таныстығымыз сонау шет мемлекетте осылай басталды. Қызық, әр адам өзінің өмірлік жарын жүрегімен сезеді екен ғой. Ең бастысы – Құдайға деген сенім. Менің қасымда жаны таза, өресі биік, білімді, дамығанды жақсы көретін, бойында еш комплексі жоқ нағыз азамат болса екен деп Құдайдан сұрайтын едім. Шын тілесең береді деген де осы шығар және «Көптің тілеуі – көл» деген. Сіздердің ақ баталарыңызды өнер мен өмір жолымда тұмар қылып тақтым. Жаратқанға алғысым шексіз!» - деді Айгүл Иманбаева.
Күйеуін туған күнімен құттықтаған ол жүрекжарды лебізін жазба арқылы жеткізуге тырысқан.
«Бүгін – менің жолдасым Ерланның туған күні. Шын жүрегіммен құттықтаймын! Сен маған әйелдік нәзіктіктің, еркеліктің қандай болатынын үйреттің. Не нәрседе де шексіздіктің бар екенін үйреттің. Ұл-қыздарымыздың, немерелеріміздің бақытын бірге көруге жазсын, Жаратқаным! Барлық арман-тілектерімізге бірге жетейік. «Қуанғанға құт қонады» дейді. Маған тілекші болған жандардың бәріне тілек-баталарыңыз мың еселеп қайтсын! Ұрпақтарыңыздың жолы қашанда ашық болсын! Әр әйел бақытты болуға лайықты», - деп жазды актриса.
Соңғы жаңалықтар
21.03.2026
17:38
Қарағандыда әйелге жарық бағаны құлап, көз жұмды
21.03.2026
16:24
Асқар Жұмабек қамауға алынды
21.03.2026
15:32
Жетісуда заңсыз қазба жасаған Қытай зауытына 26...
21.03.2026
14:41
Астана – Алматы тас жолында автобус жүк көлігін...
21.03.2026
13:41
Қуандық Рахымның отбасы қара жамылды
21.03.2026
13:24
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мер...