«Ешкім орысша сөйлеуге міндетті емес»: заңгер 2026 жылды қазақ тілі жылы деп атауды ұсынды
Шерзат ісі бойынша танылған заңгер Мейірман Шекеев әлеуметтік желіде қазақстандықтарға ерекше үндеу жасады, деп хабарлайды Politico.kz.
Заңгер 2026 жыл мемлекеттік қазақ тілі жылы болсын деген ұсыныс тастады.
«Қазіргі таңда әлеуметтік желілерде орыс тілінде сөйлеуді талап етіп жатқандар көп. Алайда Қазақстанның заң нормаларына сәйкес, ешкім орыс тілінде сөйлеуге міндетті емес.
Керісінше, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 4-бабына сәйкес, әрбір қазақстандыққа, ұлтына қарамастан, мемлекеттік тілді — қазақ тілін меңгеру борышы жүктелген.
Мінезді болайық. Мен сот алдында да орыс тілінде сөйлеуді талап еткен өтініштерге бой ұсынбаймын», — деп жазды заңгер.
Ол президентке үндеу жолдауды ойлап отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
22:54
Алматыда көлік жүргізіп бейнежазба түсірген әйе...
09.11.2026
20:13
Петропавл полициясы асқабақ ұрлағандарды іздест...
09.11.2026
18:55
«Тірі қалғандарың өкінішті»: Ашаршылықты келеме...
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...