"Фаридаға сабыр": Нұрболат Абдуллин әйелімен отау құрғанына 9 жыл болғанын атап өтті
Қазақстандық танымал әнші Нұрболат Абдуллин отау құрғанына 9 жыл болуына орай келіншегіне романтикалық кеш ұйымдастырған. Желі қолданушылары ерлі-зайыптыға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдірген.
Нұрболат Абдуллин шаңырақ көтергеніне 9 жыл болғанын Instagram-дағы парақшасында айтты. Өнер иесі әйеліне ұйымдастырған романтикалық кештен фото жариялап, оқырмандарына көрсеткен.
Ерлі-зайыпты бұл ерекше күнді Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде атап өткен. Суреттерде олардың бір-біріне күлімдеп қарап отырғанын көруге болады.
Желі қолданушылары үш қыздың ата-анасына тәнті болып, оларға түрлі пікір білдірген.
"Фаридаға сабыр", "Өзіңізді сала бермей, осылай әйеліңізді де салсаңызшы", "Ең бақытты отбасы болыңдар! Кызгалдактарың аман болсын! Тіл көзден сақтасын! Алла берер сыйы мен абыройынан еш айырмасын", "Келіншегіңіз сондай сұлу. Жұптарыңыз жазылмасын", - деп жазуда көпшілік.
Өнер иесі "Фаридаға сабыр" деп жазған оқырмандарына жауап берді. Әнші оған да оңай емес екенін айтқан.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
14:46
«Дәлел жоқ»: Ақтаудағы баланың әкесі мен хирург...
03.11.2026
13:23
"Құдай сақтасын": Айдана Меденова күйеуімен ажы...
03.11.2026
12:21
Еліміздің ең қарт тұрғыны 116 жасында дүниеден ...
03.11.2026
11:24
Тоқаев Жоғары сот кеңесінің хатшысын қызметінен...
03.11.2026
11:16
Қостанайда 86 жастағы зейнеткерді өлтіріп кетті
03.11.2026
10:37
"Кез келген өзгеріске дайынмын": Дариға Бадықов...