Халық кеңесі мүшелеріне айлық төлене ме – Мұрат Әбенов жауап берді
Астанада Тәуелсіздік сарайында Халық кеңесінің сессиясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Жиын алдында журналистер Кеңес мүшесі, бұрынғы депутат Мұрат Әбеновке бірқатар сауал қойды.
Тілшілер қазіргі депутаттардың журналистермен байланысы қиындап кеткенін айтып, бұл мәселеге қатысты пікірін сұрады. Әбеновтің сөзінше, саясаткерлер бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне әрдайым ашық болуы керек.
Оған қоса, Халық кеңесінің жұмысы бұрынғы Сенаттың немесе қазіргі Құрылтайдың қызметін қайталамай ма деген сұрақ қойылды.
Мұрат Әбенов Халық кеңесі мүшелеріне жалақы төленбейтінін де айтты. Журналистер осы тұста қаржы вице-министрінің бұған дейін айтқан мәліметіне қатысты сұрақ қойды. Әбенов оның жауабында «қателескен шығар» деп қысқа қайырды.
Оның айтуынша, Кеңес мүшелері бұл жұмысты қоғамдық негізде атқарады. Яғни, оларға жалақы төленбейді, жеке кабинеттер мен қызметтік көліктер берілмейді.
Сонымен қатар ол Кеңестің әр мүшесі өзінің негізгі жұмысын жалғастыратынын айтты.
Бұған дейін Қаржы министрлігі бюджет аясында консультативтік органның жұмысына 1,7 млрд теңге қарастырылғанын хабарлаған.
Еске салайық, жақында Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы жарияланған болатын. Кеңеске Ерлан Қошанов төрағалық етті.
Соңғы жаңалықтар