ІІМ Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша соттың қашан басталатынын айтты

06.05.2026 11:01 Әсел Мұрат
ІІМ Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша соттың қашан басталатынын айтты
305

Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәжіліс кулуарында резонанс тудырған Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын екенін және іс материалдары жақын арада сотқа жолданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.

«Нұрайдың өлімі бойынша іс аяқталу кезеңінде. Жәбірленуші тарап ұсынған уәждер тексерілуде. Тергеу белсенді түрде жүргізіліп жатыр», — деді Әділов.

Бұған дейін Санжар Әділов Шымкент қаласында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша сот-психиатриялық сараптама аяқталғанын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, күдікті есі дұрыс деп танылған. Бұл оның заң алдында жауапқа тартылатынын білдіреді.

«Ол заң алдында есі дұрыс тұлға ретінде жауап береді. Қазіргі уақытта тергеу аяқталу кезеңінде», — деп атап өтті Әділов.

Бұған дейін екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық бұзылыстар анықталып, осыған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлі емдеуге жіберілгені хабарланған еді.

Еске сала кетейік, қаңтарда Шымкентте 21 жастағы студентті оны бұрынғы жігіті асқан қатігездікпен пышақтап өлтірген болатын.
 

Войдите, чтобы оставить комментарий