"Интимдік қызметі ұнамаған". Талдықорғандық ер адам жас жігіттің ақысын төлемеген

16.02.2025 11:11
0
38
pixabay

Талдықорғанда 50 жастағы Көксу ауданының тұрғыны жігітке интимдік қызмет үшін ақы төлеуден бас тартып, оны тонап кетті.

Белгілі болғандай, ер адам жалдамалы пәтерге 25 жастағы жігітті шақырып, 15 мың теңгеге интимдік қызмет көрсету туралы келісім жасаған. Алайда кейін қосымша қызметтерді талап етіп, оған 50 мың теңге қосымша ақы төлеуден бас тартқан. Екеуінің арасында жанжал туындаған.

Тергеу барысында айыпталушы күш қолданып, көрсетілген қызметке көңілі толмай, жігіттің iPhone телефонын тартып алған. Артынша пәтерден шығып кеткені анықталды. Оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырды. Айыпталушының әйелі мен балалары мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысып жатыр.

Алайда жәбірленуші ымыраға келуден бас тартып, заң аясында әділ жаза тағайындауды талап етіп отыр. Қылмыстық іс Талдықорған қалалық сотына жіберілді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий