Kalifarniya сахнада ұятқа қалды
Танымал әнші Kalifarniya концерттердің бірінде жанды дауыста ән орындаймын деп сынға ұшырады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Ол «Қымбаттым» әнін Мирас Жүгінісовпен бірге орындағанымен, музыканың ырғағына ілесе алмай қалған. Әнші бұл жағдайды дауысы сыр беріп, тамағы ауырып тұрғанымен түсіндірді. Алайда желі қолданушылары әншінің жанды дауысы фонограммадағы нұсқасына мүлде ұқсамайтынын жазып, наразылық білдірді.
«Жанды дауыста айтса, үнемі тамағы ауырып қалады екен», «Тыңдап отырған адамдарды аяймын», «Маскалары шешіліп жатыр», «Мен мынадан да жақсы айтамын», «Түк дауысы жоқ», «Сахнаға шығарып, аспанға көтеріп жүрген әншілеріңнің шынайы дауысы осы», «Тамағы ауырған жоқ, тональностке түсе алмай тұр», – деп жазды олар.
Оқиға желіде қызу талқыланып, әншінің орындаушылық деңгейіне қатысты түрлі пікірлер туғызды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
14:51
Қайрат Боранбаев жазадан шартты түрде мерзіміне...
28.10.2026
13:57
Екі ұлының көзінше өлтірілген Санияның ісі сотқ...
28.10.2026
13:52
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші с...
28.10.2026
12:50
«Той күні құрбысы қаза тапты»: Жанболат Найзабе...
28.10.2026
12:30
Тоқаев Үкіметке кәсіпкерлерді тыңдауды тапсырды
28.10.2026
12:24
Президент жалақының ең төменгі мөлшерін 110 мың...