Каспийдегі трагедия бойынша ұсталғандар саны артуы мүмкін
Каспийдегі 14 сарбаздың өліміне әкелген қайғылы жағдайға бойынша ұсталғандар саны артуы мүмкін, деп хабарлайды Politico.kz.
Ішкі істер министрлігі тергеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. Қазір қылмысқа қатысы болуы мүмкін және қосымша ұсталуға тиіс адамдардың шеңбері анықталып жатыр.
Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталып, қамауға алынғаны хабарланған еді:
- Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы;
- әскери бөлімнің екі командирі;
- теңіз жаяу әскерлері ротасының және «Қайсар» катерінің командирлері.
ІІМ Каспийдегі қайғылы оқиғаның мән-жайын ашып айтты.
«24 қыркүйекте Каспий теңізінің жағалауында, Ақтау қаласынан 43 шақырым жерде оқу-жаттығу барысында «Қайсар» катерінен жеке құрамды түсіру кезінде қолайсыз метеорологиялық жағдайда әскери қызметшілерді теңіз ағысы алып кеткені анықталды», - делінген ІІМ хабарламасында.
Еске сала кетейік, Ақтауда 24 қыркүйекте оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 әскери суға кеткен. Оның 14-і қаза тауып, 3-еуі құтқарылды.
Соңғы жаңалықтар