«Кайфую»: Ерке Есмахан әлеуметтік желілерден неге жоғалып кеткенін түсіндірді

«Кайфую»: Ерке Есмахан әлеуметтік желілерден неге жоғалып кеткенін түсіндірді
14.10.2025 10:24
0
102
Фото: erke_esmahan/Instagram

Белгілі әнші Ерке Есмахан соңғы уақытта әлеуметтік желілерде сирек көрінуінің себебін айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Өнер иесінің айтуынша, ол жай ғана өзінің ең сүйікті мезгілі - алтын күздің әр сәтінен ләззат алып жүр. Еркенің сөзінше, қазір ол отбасымен көбірек уақыт өткізіп, күйеуі мен балаларымен серуендейді. Сол себепті әлеуметтік желілерге уақыты жетпей жатыр.

«Инстасыз да кайфую», — деп бөлісті әнші.

Жуырда үшінші рет ана атанған Ерке декреттегі өмірі жайлы да айтып өтті:

«Күн сайын серуен, түскі ас дайындаймын, сериал көремін, күйеуіммен анда-мында барамыз. Осындай өмір», — деді ол.

Жақында Ерке мен RaiM отбасы үшін маңызды оқиға болды - олардың ұлы Батыр төрт айлық мерейтойын атап өтті.

«Алла саған бақ берсін. Жүрегім менің», - деп жазды Ерке кіші ұлына.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий