«Кім ақша төлейді, соның атынан шығады»: жұрт Астананың ойынында өнер көрсеткен Қайрат Нұртасты сынап тастады

«Кім ақша төлейді, соның атынан шығады»: жұрт Астананың ойынында өнер көрсеткен Қайрат Нұртасты сынап тастады
21.10.2025 09:25
0
126
Видеодан скриншот

Қазақстан чемпионатының 25-ші турындағы «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы ойын алдында Қайрат Нұртастың көпшілік алдында өнер көрсеткен сәті тарадыі, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әлеуметтік желілерде Қайрат Нұртастың видеоларының астында оны сынға алған пікірлер көптеп жазылған.
Көпшілік Қайрат Нұртасты алматылық «Қайрат» клубының жанкүйері ретінде білсе керек, сондықтан оның Астананың ойынында өнер көрсеткенін түсіне алар емес.

«Қайрекеңе бәрібір, кім ақша төлейді - соның атынан шыға салады», - деп жазды видео авторы.

«Барлық әртіс сондай ғой», «Әртістер фанат емес», «ФК Астана Қайратты өлең айтқызып қойып, Қайрат клубына прикол ұстады ғой», -деген секілді пікірлер де айтылды.

Айта кетейік, «Астана» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу 28 211 көрермен жинап, Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы ең көп көрермен жиналған ойын болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий