Үкімет басшысы зорлық-зомбылықтың алдын алуды үйлестіретін органды анықтауды тапсырды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешудің жаңа тәсілдерін қоғамның талқысына салу қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін кешенді шаралар қажет. Сонымен бірге, барлық қадамдар мен жаңа тәсілдерді алдымен қоғамның талқысына салу қажет. Әсіресе, заңнамалық сипаттағы шараларды. Бұл тұрғыда мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және сарапшылардың бірыңғай ұстанымы қажет. Әлемдік тәжірибені де ескерген жөн», - деді Үкімет басшысы.
Оның атап өтуінше, қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа төзбеу атмосферасын қалыптастыру үшін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет.
«Зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарды оңалту мәселесіне көңіл бөлу керек. Оларға тек медициналық қана емес, білікті мамандардың психологиялық, құқықтық көмегі де қажет. Өңірлерде дағдарыс орталықтары мен уақытша бейімдеу мекемелері жетіспейді. Жақында ведомствоаралық комиссия отырысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша үйлестіруші мемлекеттік органды анықтау туралы шешім қабылданды. Бұл жұмысты тездету керек», - деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін Ішкі істер министрі биыл отбасылық-тұрмыстық салада 668 қылмыс жасалғанын айтты. Марат Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себептерін де атады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
13:57
Екі ұлының көзінше өлтірілген Санияның ісі сотқ...
28.10.2026
13:52
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші с...
28.10.2026
12:50
«Той күні құрбысы қаза тапты»: Жанболат Найзабе...
28.10.2026
12:30
Тоқаев Үкіметке кәсіпкерлерді тыңдауды тапсырды
28.10.2026
12:24
Президент жалақының ең төменгі мөлшерін 110 мың...
28.10.2026
12:18
Тоқаев көлік жуу орындарында ауызсуды мақсатсыз...