«Кокос деп ойладым»: 13 тонна есірткі сатпақ болған айыпталушы сотта жауап берді

18.04.2026 11:11 Қарақат АСЫЛОВА
«Кокос деп ойладым»: 13 тонна есірткі сатпақ болған айыпталушы сотта жауап берді
288

Алматыда бұрын-соңды болмаған ірі есірткі ісі бойынша сот процесі жалғасуда,деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.

Іс аясында Түркияның екі азаматы айыпталып отыр. Оларға аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

2025 жылдың қыркүйегінде ҰҚК қызметкерлері Алматыда 13 тоннадан астам кокаинді тәркілеген болатын. Тергеу мәліметінше, бұл жүк Қазақстан арқылы транзитпен үшінші елдерге жеткізілмек болған.

17 сәуір күні сотта айыпталушылардың бірі О. М. жауап берді. Ол өз кінәсін мойындамай, бұл іске кездейсоқ араласқанын айтты. Оның сөзінше, ол 2022 жылдан бері Алматыда тұрып, мейрамханада менеджер болып жұмыс істеген. Кейін танысының өтінішімен жұбайының атына компания ашып берген. Айыпталушының айтуынша, қоймаға жеткізілген тауарды ол қарапайым өнім деп қабылдаған. Алайда кейін Еуропада дәл осындай жүктен есірткі табылғаны белгілі болған. Осыдан кейін ол серіктесімен байланысты үзгенін жеткізді.

Сондай-ақ, ол «кокос» деп аталған тауарды шын мәнінде жеміс деп ойлағанын, оның есірткіге қатысты сленг екенін білмегенін мәлімдеді.

Айыпталушы 2025 жылдың ақпанында ұсталған. Ол өзіне тағылған барлық айыптарды жоққа шығарып отыр.

Қазіргі таңда іс алқабилердің қатысуымен қаралып жатыр. Сот процесі әлі аяқталған жоқ.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий