"Көліктің жарығын өшіріп қойып, 13 минут күткен": Ақтөбелік оқушының туыстары бауырының суға батып өлгеніне сенбейді

08.12.2025 09:25 Мөлдір Талғат
0
101
Фото: коллаж Stan.kz

Ақтөбеде 16 жастағы Ислам Төреғали суға кетіп қаза тапқан ісі бойынша туыстары қазақстандықтардан көмек сұрап, істің суицид немесе кездейсоқ жағдай деп жабылып кетуінен қорқатынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Видеожазбада марқұм інісі моншадан шығып, үйіне қайтып бара жатқан сәті көрінеді, ал артынан бір көлік оны қуалап жүр. Полиция тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ақтөбе қаласында 16 жастағы Ислам Төреғалидің туыстары қазақстандықтарға көмек сұрап жүгінді. Әлеуметтік желіде қаза болған жасөспірімнің әпкесі Нұрханым Төреғалиева жазды. Әпкесі "Ернұр" моншасының видеобақылау камерасынан жазбаны жариялады. Сол жерде жасөспірім трагедияға дейін бірнеше сағат уақыт өткізген.

"Ислам Төреғалидің үлкен туған әпкесімін. Бұл видеоларды шығара отыра інімді ешқандай адамды күтпегені, үйге бара жатқанын көрсеткім келіп тұр. Көріп тұрғандарыңыздай Ислам жұмысынан 23:59 да шығады. Қолында пакеті бар, ішінде мысығына салынған тамақ (балықтардың отходтары) Ал бұл машина 23:46 да келіп Исламның шыққанын күтіп отырады. Менің түсінбейтінім, неге ол барлық жарығын өшіріп 13 минут бойы күтеді? Неге ол сол жерден ақ Ислам деп шақырып алмады? Неге оның қуысқа өткенің күтіп тұрды? Егер ол оған хабарласса бірге кездесуды жоспарласа сол жерден ақ баняның алдынан алып кетушедіғой бөлек оның қуыс жолға түскенің күтпей", – деп қынжыла жазды марқұмның әпкесі.

Нұрханым Төреғалиева марқұм інісінің қайда кетсе де ескертусіз кетпегенін айтып, өте тәрбиелі жасөспірім болғанын айтады. Видеодан кейін көлік қозғалып, оны қуалап бара жатқанын байқауға болады.

"Менің "Ишонтайым" ешқашан ескертусіз ешқайда кеткен емес! Сол күні моншаның басшысы өзі шақырған адам көп көмектесуге келіңіз деп! Анам мен әкем сол түнгі келмеген уақыттан бастап іздеген саяжайды толық бірнеше рет қараған! Ислам ешқашан біреудің үйіне қону немесе біреумен түн жарығында жүру секілді оғаш қылығы болмаған! Ислам келесі күні негізі "Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне” барып сөз сөйлеуі керек болған. Үйден шығар кезде киімдерін дайындап, қарындастарына дүйсенбі күні Ақтөбедегі кинопаркке мультфильмге апарамын деп кеткен! Егер осындай жоспарлары бар бала қалай өз өзіне қол салады? Оның үстіне көлге қалай өз өзін қияды? Менің бауырым үйіміздің сәні еді. Әрқашан бәріміздің көңілімізді көтеріп соңғы тиынына дейін бізге жұмсайтын. Неге менің кішкентай бауырымның ісін толық ашпай жатыр? Көмектеріңіз керек. Әділдік женсін!", – деп жазды әпкесі Нұрханым Төрегалиева.

Ол іс жабылуы мүмкін деп алаңдайтынын да жеткізіп, қазақстандықтардан көмек сұрады.

"Денесін 10-нан аса адам көрді. Бәрі ұрған деп тұр ғой. Ешкімге зияны жоқ, адам баласы түгілі шыбынға да зияның жоқ едің ғой сенің, жарқыным? Үйге бара жатқан едің ғой жаным-ау. Қай оңбағандар сені ұрды? Кім ренжітті сені? Айтшы маған?! Көмектеріңіз керек заңгерлер. Егер көмектесе алатындарыңыз болса, бізге хабарласыңыздар – істің суицид немесе кездейсоқ оқиға деп жабылуын қаламаймыз", – деп жазды Төреғалиева.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінде бұл видеожазба бұрын қаралғаны хабарланды.

"Көлікті жүргізген адамның кейін өзеннен зорлық белгілері жоқ күйде табылғаны анықталды. Жоғарыда аталған оқиғаның барлық жағдайын анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий